«Үш жасар бала бар»: Солтүстік Қазақстанда өртенген үйден төрт адамның денесі табылды
11.02.2021
Жаңалық
5
Солтүстік Қазақстан облысында жеке үйден шыққан өрт кезінде төрт адам қайтыс болды. Оның бірі үш жасар бала. Өртенген үйде газ баллоны жарылған.
Оқиға 11 ақпан күні таңда тіркелді. СҚО төтенше жағдайлар департаментіне Булаево қаласында ағаштан соғылған жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы ақпарат түсті.
Үй толығымен жанып кетті. Құтқарушылар өртті жеті сағаттан кейін толықтай сөндірді. Отбасы әлеуметтік осал топтарға жатпайды. Қайтыс болған ерлі-зайыптының қызы ғана аман қалды. Жасөспірім сол күні әжесінің үйінде түнеген.