Трамптың туған күнінде оған қарсы 1800 митинг бүкіл АҚШ та өтеді
11.06.2025
Жаңалық
9
14 маусымда АҚШ-та «Патшаларға жол жоқ» деген ұранмен ауқымды акция өтеді. АҚШ азаматтары, бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, президент Трампқа қарсы наразылық білдіруге ниетті. Бұл оқиға АҚШ армиясының 250 жылдығына арналған парад аясында өтпек.
Ұйымдастырушылар бүкіл ел бойынша – Нью-Йорктен бастап Пуэрто-Рикоға дейін – 1800-ден астам митинг өткізуді жоспарлап отыр. 100-ден астам ұйым авторитаризмге қарсы күресу үшін бірікті.
Бұл акция тек АҚШ армиясының 250 жылдығымен ғана емес, Трамптың туған күнімен де тұспа-тұс келіп отыр. Ал Трамп болса, парад кезінде өтетін кез келген наразылық «қатаң түрде тоқтатылады» деп ескертті.