Тоқаев: Балалармен үйде қалуға мәжбүр болған ата-аналардың біреуіне ақылы демалыс беру керек
13.03.2020
Жаңалық
4
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Жиын барысында президент жаңадан шыққан коронавирусқа байланысты баласымен үйде отыруға мәжбүр болған ата-аналарға ақылы демалыс беру жағын қарастыру керек екенін айтты.
"Қасым-Жомарт Тоқаев балалармен үйде қалуға мәжбүр болған ата-аналардың біреуіне ақылы демалыс беру туралы жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды. Үкімет кәсіпорындарды фискалдық тетіктер арқылы қолдау жөнінде шаралар қабылдауы тиіс" деп жазады Ақорда сайты.