Тоқаев Қорғаныс министрін қызметінен босатты

08.06.2025 Жаңалық
7

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты Қорғаныс министрі қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Жақсылықов Руслан Фатихұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды», – делінген жексенбі күнгі хабарламада.

Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметін 2022 жылғы қаңтардан бастап атқарған.