Тоқаев Қостанайдағы ауданның атын өзгерту туралы жарлық шығарды
25.06.2019
Жаңалық
4
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданына белгілі жазушы, Алаш қайраткері Бейімбет Майлиннің есімін беру туралы шешім шығарды деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", -делінген жарғыда.