Талғар ауданының әкімі пневмониядан көз жұмды

27.07.2020 Жаңалық
3
Фото: әкімдік Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы kris_p_talgar инстаграмм парақшасында жазылған. "Сенгің келмейтін қайғылы жағдай, бірақ өкінішке қарай бізден өте жақсы адам, әкім кетті. Ол қысқа уақытта біздің ауданға көп жақсылық жасап еді. Қазаның себебі - пневмония. Соңғы екі аптада ауруханада жатқан еді. Жасы небәрі 41-де" делінген қаралы хабарда. Жолан Омаров Талғар ауданының әкімі болып былтыр 13қыркүйекте тағайындалған. Ол 1979 жылы 7 шілдеде дүниеге келген. Марқұмның артында төрт баласы мен аяулы жары қалды.