Сұрақтар бақылауға алынды
20.12.2020
Жаңалық
3
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Казанцев Павел Олегович Шортанды ауданына келіп, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қоғамдық белсенділер, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, партия мүшелері, аудан жастары өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Павел Олегович өзінің құрылған күнінен бастап " Nur Otan " партиясының қазіргі заманғы талаптарға сай қалыптасып, жаңа әрі заманауи партияға айналғанын айтып, өз бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерді ойдағыдай іске асырып келе жатқанын атап өтті. Осы жылдар ішінде партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндап, " Nur Otan " партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.
- " Nur Otan " партиясының нақты істер партиясы екенін бүгінгі күні атқарылып жатқан істерден көреміз. Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді. Әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмегін тигізді,- деді кандидат.