СҚО тұрғыны туыстарын аңшы мылтығымен қорқытқан

16.02.2021 Жаңалық
5
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде үй ішінде мықтық атып, туыстарын қорқытты. Еш жерде тіркелмеген аңшы мылтығы отбасында заңсыз сақталған. Оқиға Тайынша қаласында тіркелді. 26 жастағы жігіт отбасылық жанжал кезінде аңшы мылтығымен үй ішінде бірнеше рет оқ атқан. Туыстары полицияға хабар берген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнын тексерген кезде 3 патрон мен 3 атылған гильза анықталған. Полиция шақырылған кезде, оқиға орнынан жасырынған ер аудан орталығындағы көшелердің бірінде ұсталды. Ол мас болған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында элеватор жұмысшысының қамбада қайтыс болғанын хабарлаған едік.