Шенеуніктер мінетін бір автокөлік үшін жылына 6 млн теңге жұмсалады

26.01.2021 Жаңалық
5
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әкімдерге орынсыз шығындарды азайтуды тапсырды. Мемлекеттік органдар басшыларының автопаркін ұстап тұру үшін айтарлықтай бюджет қаражаты жұмсалып келген.

Мемлекет басшысы Үкіметке Президенттің Іс Басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың басшыларын қызметтік көліктермен қамтамасыз етудің жаңа жобасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды. Шығынды қысқартуды қажет екенін ескертті.