Шамалғандағы апат: Ішкі Істер министрі түсініктеме берді
17.09.2019
Жаңалық
4
Ішкі Істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Шамалғанда болған қайғылы жағдайдан зардап шеккендердің хал-ахуалы туралы үкімет кулуарында айтты.
"Зардап шеккен әйел мен екі бала әлі ауруханада жатыр. Балалардың жағдайы ауыр, дәрігерлер аман алып қалу үшін барын салып жатыр", - деді Тұрғымбаев.
Министрдің сөзінше, аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр, 5-6 сараптама белгіленген.
Еске салайық, 15 қыркүйекте Алматы-Шамалған теміржол өткелі мен тас жол қиылысында көлік кептелісінде тұрған рейстік автобусты "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызы соғып өткен. Таратылған мәліметтер бойынша, автобус жүргізушісі қаза тауып, екі баласы мен 33 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр.