ШҚО-да қар жауып, оқушылар сабақтан босатылды

18.04.2019 Жаңалық
4

Ауа райының бұзылуына байланысты шығыстың ірі қалалары Семей мен Өскеменнің бастауыш және орта сыныптарын сабақтан босатты.

"Білім басқармасының ақпараты бойынша, 2019-04-18 ж.
Семей қаласы. Ауа райы жагдайларының өзгеруіне байланысты, 1 ауысым, 1-9 сынып аралығында сабақтар болмайды
Өскемен қаласы . Ауа райы жағдайларының өзгеруіне байланысты, 1 ауысым, 1-9 сынып аралығында сабақтар болмайды", -деп хабарлайды ШҚО Төтенше Жағдайлар депортаменті.


Казгидрометтің хабарлауынша 2019 жылғы 18 сәүірде облыста кей жерлерде тұман басып, облыстың кей аймақтарында 15-20 м/с жел тұрады.

Әлеуметтік желілерде ақ түнекке боранған Семейді қала тұрғындары камераға түсіріп алған екен.

https://www.instagram.com/p/BwYM2_LHweM/