Сәуірде 65 жастан асқандар вакцина алады

18.03.2021 Жаңалық
6
Денсаулық сақтау министрлігі сәуірде жасы 65-тен асқан азаматтарды вакциналауды бастамақ.  Егде жастағы қазақстандықтар вакциналаудың алғашқы кезеңінде де екпе алып үлгерген. Бұл туралы «Arasha.kz» ақпараттық-құқықтық сайты мемлекеттік бас санитар Ерлан Қиясов мәлімдемесін негізге ала отырып хабарлайды. дәрігер Ерлан Қиясов айтуынша, алдағы уақытта вакцина алатын топтардың аясы кеңейе түспек. «Сәуірде-ақ тәуекел тобындағы 65-тен асқан тұлғаларға вакцина еге бастаймыз. Вакцинаның өңірлерге жеткізілу қарқынына қарай вакцина алатын топтардың аясы кеңейетін болады», – деді Ерлан Қиясов. Ол, тіпті, вакциналаудың алғашқы кезеңінде екпе алып үлгерген екен егде жастағы қазақстандықтардың жағдайы да жақсы екенін жеткізді. «Жасы 60-тан асқан көп адам екпе алды. Қазір олардың жағдайы қалыпты. Осыған қарап вакцина қолайлы екенін көруге болады», – деді Ерлан Қиясов.