Әртіс әрі әнші Әлімжанов депутат болып, ант берді
11.09.2019
Жаңалық
4
Әртіс әрі әнші Нұрлан Әлімжанов мәжіліс депутаты атанып, ант берді. Ант қабылдау рәсімінде су жаңа депутат: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, республиканың тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, конституция мен заңдарды қатаң сақтауға және өзіме жүктелген депутаттық міндетті абыроймен атқаруға ант етем", - деп қызметіне кірісті.
Әртіс әрі әнші, композитор Нұрлан Әлімжанов қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік төрағасы, елбасы Н.Назарбаев туралы "Елбасы жолы" кинотуындыда басты роль - Назарбаевтың бейнесін сомдаған еді. Енді міне, "Нұр Отан" партиясының партиялық тізімі бойынша мәжіліс депутаты атанды.