Қыздарын ауыл молдасы масқаралаған ата-ана да жауапқа тартылуы мүмкін
25.02.2021
Жаңалық
6
Қарағанды облысында қыздарының зорланғанын жасырып келген ата-ананың әрекеті полицияда зерттеліп атыр. Жасөспірімді жыныстық қатынасқа тартқан ауыл молдасының әрекетін жасырғандар жауапкершілікке тартылады.
Қарағандыда 40 жастағы ер азамат кәмелетке толмаған қыз баланы зорлап, жүкті қылған. Оқиғаны облыстық полиция басшысы бақылауына алды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында ауыл молдасының оқушымен төсектес болғанын хабарладық. Ауыл молдасы ретінде танылған күдіктіден жүкті болып қалған оқушы жасанды түсік жасатқан.