Қытайдан Қазақстанға 10 дәрігер келді

09.04.2020 Жаңалық
11
Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданынан 10 дәрігер арнайы ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына келді.  Он дәрігердің ішінде пульмонолог, эпидемиолог, қоғам денсаулығын сақтау бойынша сарапшылар бар. Олар Қазақстанға 15 күнге келген. Қытай дәрігерлері Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларында болады. Бұл дәрігерлер Шыңжаң ұйғыр ауданында коронавируспен күрескен, тәжірбиелі мамандар. Қытайдан келген дәрігерлерден анализ алынған. Ол бірнеше сағаттың ішінде анықталады.