Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма

12.06.2020 Жаңалық
3
Фото:http:zhambylnews "Қыркүйек айында астаналық оқушылар мектепке орала ала ма" деген сауалға Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz. "Қыркүйекке дейін екі айдан астам уақыт бар. Егер эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, тіркелген ауру көлемі 2% -дан төмен болса немесе ешқандай ауру жұқтыру жағдайы тіркелмесе, онда біз бұрынғы өмір сүру қалпымызға ораламыз, ондайда балалар мектепке, студенттер өз оқу орындарында барып, білім ала алады", - деді Жанна Пірәлиева. Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты 1-10 сыныптарға соңғы қоңырау онлайн режимінде өтті. Тек мектеп түлектерінің аттестат алу шарасы салтанатты жағдайда өтеді, бірақ ол барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізілуі тиіс.