Қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев коронавирустан қайтыс болды

14.07.2020 Жаңалық
3
Фото: Қорғаныс министрлігінің сайтына Қазақстан Республикасы Қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев дүниеден озды деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. ҚазТАГ агентігінің хабарлауынша вице-министр коронавирус індетінен көз жұмған. "2020 жылдың 14 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев дүниеден озды" деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"2019 жылғы сәуір айында генерал-майор Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қорғаныс өнеркәсіп кешенімен өзара іс-қимыл жасау, қару-жарақ және әскери техника, сондай-ақ тылдық және медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етті.

Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарын жоюда айтарлықтай үлес қосып, пандемиямен күрес кезеңінің алғашқы күндерінен бастап инфекцияның таралуына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуге белсенді атсалысты" деп жазады министрліктің таратқан ақпаратында.