Қазақстанға Қытайдың дәстүрлі дәрі-дәрмектері жеткізілді

09.04.2020 Жаңалық
3
фото: СІМ баспасөз қызметі Қытайдан Қазақстанға коронавируспен күреске арналған 4  тоннадан астам гуманитарлық көмек келіп жетті. Гуманитарлық көмектің ішінде маска, тепловизорлар, көзілдірік, қолғаптар және Қытайдың дәстүрлі дәрі-дәрмектері, өкпеге жасанды дем беру аппараттары бар. СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыртқы істер министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен және «СҚ-Фармация» ЖШС-мен бірге Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек қабылдау бойынша белсенді және жүйелі жұмыс атқарылуда.