Қазақстанда індет жұқтырғандар саны күрт өсті

24.01.2021 Жаңалық
5
Елімізде өткен тәулікте 1584 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Індет жұқтырғандардың басым бөлігін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары бастап тұр. 23 қаңтар күнгі жағдай бойынша Ақмола облысында бір тәулікте 237 адамнан коронавирус инфекциясының белгілері анықталды, деп хабарлайды Arasha.kz.   Бір апта бұрын елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны тәулігіне мыңға жетпесе, қазір көрсеткіштерде өсім бар. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 жетті. Бір тәулікте 1 584 жағдай тіркелді деп хабарлайды сoronavirus2020_kz. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -21274(+229) Алматы қаласында - 21141(+131) Шығыс Қазақстан облысында - 19804 (+42) Атырау облысында - 15497(+96) Қарағанды облысында - 13226(+82) Павлодар облысында - 11695(+220) Батыс Қазақстан облысында – 10304(+84) Солтүстік Қазақстан облысында - 10107(+113) Қостанай облысында - 9350(+177) Ақмола облысында - 9299(+237) Алматы облысында - 8712(+92) Шымкент қаласында -5787(+8) Жамбыл облысында - 5408(+20) Түркістан облысында - 3986(+16) Маңғыстау облысында - 3960(+11) Ақтөбе облысында -3889(+10) Қызылорда облысында -3535(+16) Елімізде барлығы 159 486 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.