Қазақстанда күн сайын ПЦР тесті теріс 2,5 мың пневмонияға шалдыққан адам тіркеліп отыр - министр

30.06.2020 Жаңалық
3
Жаңадан тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ақордада өткен коронавирустың таралуы бойынша іс-шаралар туралы жиында Қазақстанда күн сайын 2,5 мың пневмонияға шалдыққан адам тіркеліп отырғанын айтты. "10 маусымнан бастап COVID-19 клиникасының айқын белгілері бар және ПЦР тесті теріс нәтиже көрсеткен пневмания аурулары саны артты. Соңғы кездері осындай пневманияға шалдыққан күніне 2,5 жағдай тіркеліп отыр", - деп мәлімдеді министр Цой.