Қазақстанда кей дәрі-дәрмекті бір адамға бірнеше қораптан ғана сататын шектеу енгізеді

01.07.2020 Жаңалық
3
Фото ашық дереккөзден Қазақстанда кей дәрі-дәрмекті бір адамға бірнеше қораптан ғана сататын шектеу енгізеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова хабарлады. Вице-министрдің сөзінше қазақстандықтар пандемияға байланысты 138,8 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып алған. Людмила Бюрабекова халықты дәрігердің кеңесінсіз өздігінен емделмеуге шақырды. "Бірнеше өңір дәрі-дәрмекті сатуда шектеу енгізіп үлгерді, басқалары да түрлі желілер ассоциациясымен  бір адамға екі-үш қораптан артық бермеу туралы меморандум жасаспақ. Себебі бір емдеу курсына осынша ғана препорат кетеді.  Олардың сақтау мерзімі, сақталу жағдайы бар. Сондықтан дәрі-дәрмектер үйде пайдаға аспай қалып қоймас үшін осындай шаралар жасамақ", –деп отыр Людмила Бюрабекова. Вице-министр аурудың үйде емделуге болатын жеңіл және орташа түрінде тегін дәрі ала алады дейді. "Антибактериалды терапия қажет болатын жағдайда бізде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған. Рецепт электронды түрде беріледі. Барлық емханалар қазір дәрі-дәрмекті өз дәріханалары арқылы тегін таратып жатыр және көптеген аймақтарда дәріні пациенттің үйіне дейін жеткізіп беру қарастырылған", –деді Людмила Бюрабекова.