Қазақстанда бір күнде 834 адам коронавирус жұқтырды

14.01.2021 Жаңалық
5
Еліміз бойынша өткен тәулікте 834 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары көш бастап тұр. Нұр-Сұлтан қаласы - 123 Алматы қаласы - 122 Шымкент қаласы - 14 Ақмола облысы - 59 Ақтөбе облысы - 13 Алматы облысы - 56 Атырау облысы - 75 Шығыс Қазақстан облысы - 39 Жамбыл облысы - 13 Батыс Қазақстан облысы - 40 Қарағанды облысы - 40 Қостанай облысы - 74 Қызылорда облысы - 11 Маңғыстау облысы - 10 Павлодар облысы - 70 Солтүстік Қазақстан облысы - 59 Түркістан облысы - 16 Қазақстанда осы уақытқа дейін қауіпті індет жұқтырғандар саны 165 311-ге жетті. 14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 608 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 850 пациент стационарда, 17 758 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Қазіргі уақытта 272 адамның жағдайы ауыр, 55 пациенттің жағдайы өте ауыр, 51 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.