Қазақстанда 50 мың адамның жалақысы 45 мың теңгеге жетпейді

21.01.2021 Жаңалық
5
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 50 мыңға жуық қазақстандық айына 45 мың теңгеден аз табыс табады. Бұл жалдамалы қызметкерлердің жалпы санының 2% - ға жуығы. Көбінесе мұндай жалақы Қарағанды және Түркістан облыстарында кездеседі,- деп хабарлайды  Arasha.kz. 30 мыңға жуық қазақстандық айына миллион теңге алады. Мұндай жалақы Атырау, Алматы және Нұр-Сұлтан тұрғындарына тиесілі. Еңбек қабілетті тұрғындардың негізгі бөлігінің жалақысы 150-ден 210 мың теңге. Бұл жалдамалы жұмысшылардың 18%. Ел азаматтарының тағы 16% - ы 45-тен 75 мың теңгеге дейін жалақы алады. Бюроның есебіне сәйкес, елде үш миллион ресми жалдамалы қызметкерлер бар.