Қ.Тоқаев жаңа заңға қол қойды

16.02.2021 Жаңалық
5
Елімізде электрондық құжаттың қағаз құжатқа баламалығын куәландыру және қағаз құжаттың электрондық құжатқа баламалығын куәландыру көзделеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz Ақордаға сілтеме жасап. Заңның негізгі міндеттері:
  • Нотариаттық қызметтердің тиімділігін арттыру, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің жұмысын реттеу нормаларын бекіту;
  • Орталықтандырылған электрондық репозиторий жүйесін және нотариаттық құжаттарды сақтау мен жазуға арналған электронды мұрағатты құру;
  • Нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өтініш білдірген жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • Нотариустың басқару органдарын және олардың өкілеттіктерін егжей-тегжейлі реттеу, жаңа нотариаттық іс-әрекеттерді енгізу;
  • Тәртіптік шараларды түсіндіру;
  • Нотариустың құқықтары мен міндеттерін кеңейту.
  • Нотариаттық қызмет саласындағы заңдылықты сақтау және нотариустардың құқық қолдану практикасында біртектілікті қамтамасыз ету.
Басты мақсат - нотариат саласындағы заңнаманы жетілдіру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық жүйесін қамтамасыз ету.