Пойыз бен автобус соғысуынан бір адам қаза болған - әкімшілік

15.09.2019 Жаңалық
4
15 қыркүйекте кешкі 19.00 шамасында Алматы облысы Шамалған станциясында автобус пен пойыздың соғылғаны хабарланған еді. [embed]https://youtu.be/f2BGBh30kd0[/embed] Әуелде БАҚ-та екі адам қаза болғаны жарияланған. Іле Алматы облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі оқиға апаттан бір адам - автобус жүргізушісі қаза болғанын хабарлады. Апаттан 9 адам жарақат алғаны да айтылған, әзірге олардың жағдайы туралы мәлімет жоқ.