Орыс сыныбында оқитын оқушылар мектепте қазақ тілін неге үйреніп шықпайды?
Егер орыс сыныбында оқитын бала қазақ тілін толық білмесе, оған неге 2-3 деген баға қойылып немесе орнында қалдыру мәселесі көтерілмейді? Сондай-ақ жоғары жақтан «орыс сыныбында оқитын оқушыларға ешқандай кедергісіз 4-5 деген баға қойып беріңдер» деген астыртын тапсырма бар секілді.Мектептердегі қазақ тілі мәселесін шешу үшін кадр сапасына мән беріп, нақты талап қою керек. Сондай-ақ орыс және аралас мектептердің әкімшілігіне нақты қазақ тілін біліп, мемлекеттік тілде тәрбие жүргізу керек деген талап қою қажет. Әйтпесе бәрі құрғақ сөз болып қалады. Кезінде Сағадиев «Орыс сыныбындағы 500 мың баланы қазақ тілінде сайратамыз» деп айтқан. Сайрата алмайды», – дейді ол.
«Қазақстан» ұлттық арнасында өткен 5 партия өкілдерінің дебатында Берік Дүйсенбинов «Топас мұғалімлер» деп айтып қалды. «Ақ жол» партиясы атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер азаматтың бұл сөзіне келісесіз бе деген сауалға А.Ахметжанұлы бүй дейді:
Серік Жолдасбай«Көпке топырақ шашуға қарсымын. Бірақ мұғалімдердің барлығы бірдей супер дегенге де қарсымын. Өйткені Тәуелсіздік жылдарындағы білімге деген көзқарас білімді азаматтарды білім саласынан кетірді. Күні кешеге дейін мұғалімдердің орташа жалақысы 80-90 мың теңгенің шамасында болды. Отбасын асырауға да жетпейтін ақшамен кім жұмыс істейді? Екі адам жұмыс істейді. Бірі топас адам, екіншісі шектен тыс фанат адамдар. Өкінішке қарай шектен тыс фанат адамдар қоғамда көп бола бермейді. Соңғы бір-екі жылда мұғалімдердің жағдайы көп жасалды. Педагог мәртебесі туралы заң қабылданып, мұғалімдердің жалақасы мен ұстаздық мамандықты таңдаған студенттердің шәкіртақысы көтерілді. Бірақ мұның нәтижесі енді бір 10-15 жылдан кейін ғана белгілі болады. Сондықтан да депутаттың мұғалімдердің топас дегеніне көзқарасым 50/50. Алайда мұғалімдерді топас деп қаралау үшін ең әуелі өзі мектепке келіп сабақ беріп көрсін. Өзінің інісі мен баласын мектепке сабақ беруге жіберсін. Егер балаң мен бауырыңды мектепке мұғалім етуге қарсы бола тұра ұстазды топас десең, онда өзің топассың. Одан басқа ештеңе емес. Ондай деңгейдегі адамның сөзіне ренжудің өзі топастық. Ұзын сөздің қысқасы мұғалімді топас дегеннің өзі топас», – деді Аятжан Ахметжанұлы.