Оралда төбелес кезінде бірнеше адам пышақталды
07.02.2021
Жаңалық
5
Оралда жастар арасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды. Пышақ жарақатын алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оқиға 6 ақпан күні түнде Доспанова көшесіндегі көп қабатты үйдің ауласында болды. Ауыр соққы алған Теректі ауылының 23 жастағы тұрғыны жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деп күдіктелген 27 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.
Полицейлер «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстың іс қозғады.Оқиға орнынан үш ер адам ауруханаға жеткізілді. Біреуі кеуде қуысынан, екіншісі білек пен жамбасынан пышақ жарақатын алған. Үшінші жәбірленушінің көзі химиялық күйген. Төртінші қатысушы жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қаза болды.