Олимпиада жүлдегері Ұлттық құрама бас бапкері атанды

25.04.2025 Жаңалық
5

Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Дархан кәсіби спортта айтулы жетістікке қол жеткізген. Бұл қатарда Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлдені, әлем чемпионатының күмісі (2008) мен қоласын (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтынын атап айтуға болады. Сондай-ақ ол - спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындаға спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды.

Асаділов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы халықаралық жарыс- мамырдың аяғында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты.

Бас бапкердің алдағы мақсаты - Ұлттық құраманың жаттықтырушылар қосынын жасақтау, келесі жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсету.