Нұр-Сұлтан тұрғыны бағасы 40 миллион теңге болатын есірткіні үйінде сақтаған

15.02.2021 Жаңалық
6
Елордалық тәртіп сақшылары аса ірі көлемде дизайнерлік есірткі сатқан тұрғынды ұстады. 32 жастағы ер адамнан бір жарым келіден астам "A-PVP" синтетикалық есірткі тәркіленді. Жеке тексеру кезінде күдіктіден 800 грамм синтетикалық есірткі заты табылды. Күдікті тауарын Теміртау, Атырау және Павлодар қаласына сатуға жібермек болған. https://www.youtube.com/watch?v=IZC0ueR3jew&feature=emb_logo Ұсталған адамның үйін тінту кезінде салмағы 850 грамнан асатын, құрамында "A-PVP" әсерлі психотроптық заттары бар жеті орама пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,5 килограмнан астам "A-PVP" синтетикалық есірткі немесе 5 000 дозадан асады. Айта кетейік, мұндай көлемдегі есірткінің қара нарықтағы құны 40 миллион теңгенің шамасында бағаланады. Қазіргі кезде ұсталған адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.