Нұр-Сұлтанда тағы боран

27.01.2020 Жаңалық
6
Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 27 қаңтарда қар, бұрқасын күтілетінін хабарлайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кейбір жерлерде 23-28 м/с. Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына: - мұқият болыңыз, ауа райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз; - көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз; - құрылыс объектілері халықты және аумақты қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау жөнінде қосымша шаралар қабылдасын; мүмкіндігінше құрылыс объектілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының қызметін шектесін; - автокөлігіңізді  гаражға қойыңыз, гараж болмаған жағдайда ағаштардан және ескі құрылыстардан, әлсіз құрылыстардан алыс қойыңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.