Миллиондап пара алған теміржолшылар ұсталды

08.02.2021 Жаңалық
5
«Қазақстан темір жолының» лауазымды қызметкерлері 100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін пара алып отырған. Теміржол саласындағы былықтың беті ашылды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүк тасымалы қызметіндегі көлеңкелі бизнесті әшкереледі. Қазір теміржолшыларға қатысты миллиондағы жүк айналымына тергеу жүріп жатыр.