Михаил Саакашвили 9 жылға сотталды

12.03.2025 Жаңалық
10

Тбилисидегі сот Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге үкім шығарды — оған мемлекеттік қаражатты ысырап ету ісі бойынша 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айыптаулар 2014 жылы «пиджак ісі» деп аталған тергеу аясында тағылған болатын.

Тергеу мәліметінше, Саакашвили президенттік қызметі кезінде бюджет қаражатына жеке шығындарын жапқан — пиджактар мен пальтолар сатып алып, ұлының оқу ақысын төлеп, косметикалық процедураларға да қаржы жұмсаған.