Меморгандар жыл көлемінде 9,6 млрд теңгеге 1 537 автокөлік сатып алған

14.05.2019 Жаңалық
4
Қазақстандық меморгандар ең көп сатып алатын көлік – «Lada», деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. «ҚазАвтоПром» мәліметінше, мемлекеттік мекемелер жыл басынан бері бірде-бір шетелдік көлік сатып алмаған. Ал негізінде, жыл көлемінде 9,6 млрд теңгеге 1 537 автокөлік сатып алынды. «Мемлекеттік сатып алу тарихында алғаш рет, 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында сатып алынған қызметтік техниканың барлығы қазақстандық автокөліктерді болды», – делінген таратылған хабарламада. Ең көп сатып алынған отандық көліктердің көшін жол талғамайтын Лада 4x4 бастады. 487 көлік санымен 31,7% үлеске ие. Бұдан кейін Skoda Octavia (160 бірлік; 10,4%), CHEVROLET Aveo (99 бірлік; 6,4% ), UAZ Hunter (97 бірлік; 6,3%), Hyundai Elantra (77 бірлік; 5%), УАЗ 396295 (71 бірлік, 4,6%), Skoda Superb (57 бірлік; 3,7%), Hyundai Tucson (47 бірлік; 3,1%), УАЗ 220695 (41 бірлік; 2,7%) УАЗ 390995 (34 бірлік; 2,2%). Дереккөз:altaynews.kz