Мәдина Әбілқасымова Астанадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді
06.02.2019
Жаңалық
4
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Астанадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы қазақстандық блогер Денис Кривошеев Telegram желісіндегі парақшасында жазды.
«Бұл қайғылы оқиға осы отбасынікі ғана емес, еліміздегі әр отбасына ортақ. Бар туған-туысына көңіл айамын. Ана ретінде бұл қандай орны толмас қасірет екенін түсінемін. Алла күш-қуат берсін» -деді министр.