Қытайда роботтар бокс турниріне қатысады
21.05.2025
Жаңалық
10
Қытайда робот боксшылар турнирге дайындалып жатыр. Жарыс осы аптада өтеді, деп хабарлады 24KZ.
Сайысқа жергілікті "Юнитри Роботикс" технологиялық компаниясының құрылғылары қатысады.
Бір ай бұрын робот пен адамның арасында бокстан жекпе-жек өткен еді. Сол кезде құлтемір кәсіби спортшыдан жеңіліп қалған. Яғни жылдамдығы аздау болған. Соққыға да төтеп бере алмаған. Енді компания роботты жетілдірді. Сөйтіп боксшы мен робот қайта жекпе-жекке шығады.
Инженерлер мұндай құрылғылар кәсіби боксшылардың шеберлік деңгейін арттыруға көмектесетінін айтады.