Коронавирус: табыттар қоқыс болып шашылып жатыр

18.07.2020 Жаңалық
3
фото: t.me/jexenews Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қараөткел ауылындағы (Ақмола облысы, Целиноград ауданы) зиратта табыттар қоқыс болып шашылып жатыр. Бұл туралы блогер Аида Жексен telegram каналында жазба жариялады. Блогердің айтуынша, табыттардың суретін Қараөткел тұрғындары наразы болып жолдаған. [caption id="attachment_19872" align="alignleft" width="225"]фото: t.me/jexenews фото: t.me/jexenews[/caption] Коронавирус инфекциясы өршіп, соның кесірінен Қазақстанда көз жұмғандар саны күрт артты. Әр аймақтан инфекциядан қайтыс болғандарды жерлеу де күрт өсіп, мәйтіханалар алдында жақын-туыстарының мәйітін алуға ұзын кезек пайда болғаны туралы хабарлар тарауда.