Көкшетауда жыныс мүшесінің суретін желіге салған жігіт тергеуге алынды

12.02.2021 Жаңалық
5
Көкшетауда 24 жастағы жігіт өзінің интимдік фотоларын әлеуметтік желіге жариялаумен айналысып келген. Полиция қылмыстық кодекстің 311-бабы «порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Ақмола облысының полиция департаменті интернетте порнографиялық фотолардың таралуын болдырмау үшін Anti-fraud жедел алдын алу шараларын өткізген. «10 ақпанда «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында Көкшетау аумағында порнографиялық сипаттағы фотосуреттерді жарнамалаумен және таратумен айналысатын парақша ашылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қызметкерлер өз кінәсін мойындаған 24 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ол өзінің жеке интимдік фотосуреттерін орналастырған және осылайша қыздардың назарын аударғысы келген», - делінген хабарламада.