Қазақстанда букмекерлік кеңселердің онлайн-жарнамасына тыйым салынды

27.04.2025 Жаңалық
5

Мемлекет басшысы «Ойын бизнесі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Атап айтқанда, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ұялы байланыс абоненттік құрылғыларына тарату арқылы және онлайн-платформаларда орналастыруға тыйым салынды. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына рұқсат етілетін бұқаралық ақпарат құралдарының ауқымы да тарылды — енді мұндай жарнамалар тек спорттық бағыттағы БАҚ-та ғана орналастырылуы керек.

Сонымен қатар, бостандығын шектеу жазасына немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарына және (немесе) бәс тігуіне қатысуына тыйым салу белгіленді.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.