Қазақстан мен Ұлыбритания әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

07.06.2025 Жаңалық
7

Құжатқа қол қою Лондонда өтті. Онда ҚР ҚМ Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлының басшылығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы ресми сапармен болды.

Іс-шара барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері және өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.

Ұлыбританияның жоғары әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілерді бітімгерлік, тілдік даярлау және оқыту негізгі бағыттар болып табылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Қорғаныс министрлігі арасындағы 2025–2026  жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.