Каратэдан финалда қазақ қазақпен жекпе-жекке шығудан бас тартты

02.12.2019 Жаңалық
5
фото: Қайрат Алпысбаев, sport.kz Испания өткен karate 1  финалында қазақ спортшысы Қайсар Алпысбаев тағы бір қазақ спортшысы Асәділовпен финалда жекпе-жекке шығудан бас тартты. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. Сөйтіп 60 кг салмақта Алпысбаев күміс алса, Асәділов алтын алды. «Ұстанымдарым өзгерген жоқ. Бұл ісімнің дұрыс екеніне сенімдімін. Финалдағы жекпе-жектен бас тартуым - Дарханға құрметім және оған көмектесу. Осылацша, біздің команда олимпиадаға лицензияға алуға жақындай түсті" депті Алпысбаев. Алпысбаев биыл жазда Қытайдың Шанхай қаласында өткен жарыстағы финалда да Дархан Асәділовпен жекпе-жекке шығудан бас тартқан. Испанияда өткен жарыста Қазақстан құрамасы үш алтын алып, жалпы командалар арасындағы есепте бірінші орынға шықты.