Ішімдік ішкен көлік жүргізушілеріне қатысты заң қатаңдатылады - Тоқаев

28.10.2019 Жаңалық
5
Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы мен мас күйінде көлік жүргізгендерге қатысты заңды қатайту керектігін  өзінің желідегі парақшасында айтты.

"Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет" - дейді мемлекет басшысы өзінің туиттер парақшасында. Сонымен бірге ел басшысы табиғат қаскөйлері броконьерлердің де қылмыстары азаймай тұрғанын айтып, жаза қолдану керектігін айтты. "Браконьерлер табиғат байлығы - киіктерді аулауды тоқтатпай отыр. Алматы облысында ҰҚК қызметкерлері 3 мыңға жуық (!) киікті өлтірген қылмыскерлерді құрықтады. Қаскөйлер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылуы тиіс. Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз әрекеттерге тоқтау салуы керек" - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желі арқылы.