Google мен YouTube балалардың жеке ақпараттарын рұқсатсыз алғаны үшін рекордты көлемде айыппұл төлейді
05.09.2019
Жаңалық
4
Федералды сауда коммиссиясы (FTC) және Нью-Йорк штатының прокуратурасы аталған компанияларға балалардың мәліметтерін ата-аналардың рұқсатынсыз жинағаны үшін 170 миллион доллар айыппұл тақты.
"Ата-аналардың рұқсатынсыз балалардың жеке мәліметтерін жинағаны үшін FTC және Нью-Йорк штатының бас прокуратурасы Google компаниясы және оның қосалқы YouTube компаниясына айыпты реттеу үшін рекордты соммада, яғни 170 миллион доллар көлемінде айыппұл салып отыр. ", - деп хабарлайды FTC.
Заң бойынша балаларға арналған онлайн-сервис пен веб-сайттар 13 жасқа толмаған балалардың жеке ақпараттарын алу үшін олардың ата-аналарын хабардар етіп, рұқсатын алуы керек делінген хабарламада.