Ералы Тоғжанов коронавирустың таралуына байланысты той өткізбеуге кеңес берді

12.03.2020 Жаңалық
3
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтардан әзірге той, туған күн өткізбеуге кеңес берді. "Барлық қазақстандықтарға үндеу жасағым келеді. Той, туған күн, мереке – өте маңызды оқиғалар, бірақ денсаулық маңыздырақ. Мұндай іс-шараларды өткізуге бел байлағандар жақсылап ойлануы тиіс. Бізде әсіресе, көп адам шақырып тойлағанды жақсы көреді. Менің ойымша, қонақтар санын барынша қысқарту керек. Бірақ біз бұндай шараларды кейінге қалдыруға кеңес береміз", – деді Тоғжанов. Айта кетейік, ДДСҰ жаңадан шыққан коронавирусты пондемия деп жариялаған. https://arasha.kz/ddu-zhana-koronavirusty-pandemija-dep-zharijalady/ Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде наурыз мерекесі және Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтпейтінін мәлімдеген. https://arasha.kz/koronavirus-nauryz-merekes-ne-zhane-zhen-st-n-75-zhyldygyna-arnalgan-sharalar-opejt-n-boldy/ Елімізде мәдени және спорттық шаралар өткізілмейді, 16 наурыздан бастап мектептердің көктемгі демалысы басталып, жоғарғы оқу орындары онлайн режимде білім алатын болады. Сонымен қатар театрлар мен кинотеатрлар жабылады. https://arasha.kz/toqaev-pandemijaga-bajlanysty-memlekett-k-organ-basshylarymen-kenes-otk-zd/