Елімізде індет жұқтырғандар көбейді
22.03.2021
Жаңалық
6
Қазақстанда өткен тәулікте 1208 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Мамандар еліміздің барық өңірлерінде індет жұқтырғандар саны күрт өскенін хабарлап, сақтық шараларын күшейтуге шақырды.
22 наурыздағы мәлімет бойынша, 21 314 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 369 пациент стационарда, 14 945 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 287 адамның жағдайы ауыр;
- 65 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 35 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.