Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсті

02.04.2021 Жаңалық
7
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда өткен тәулікте 2077 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны туралы ақпарат таратты. Әдеттегідей індеп жұқтырғандар арасында Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары көш бастап тұр. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 427, Алматы қаласы - 595, Шымкент қаласы - 96, Ақмола облысы - 50, Ақтөбе облысы - 127, Алматы облысы - 239, Атырау облысы - 103, Шығыс Қазақстан облысы - 41, Жамбыл облысы - 18, Батыс Қазақстан облысы - 104, Қарағанды облысы - 144, Қостанай облысы - 36, Қызылорда облысы - 27, Маңғыстау облысы - 22, Павлодар облысы - 21, Солтүстік Қазақстан облысы - 5, Түркістан облысы - 22. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 248931.