Елімізде 579 адам пневмониядан көз жұмды
06.02.2021
Жаңалық
6
Қазақстанда 2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 226 адам пневмонияға шалдықты. Оның ішінде 579 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 141 жағдай тіркелді. 6 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 21 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 271 адамның жағдайы ауыр;
- 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.