Елімізде 43 науқастың өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылды
30.01.2021
Жаңалық
5
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар саны 43-ке жетті. Дәрігерлердің бақылауындағы 265 адамның жағдайы ауыр деп бағаланады. Оның ішінде 61 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Coronavirus2020.kz-ның 30 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 27 403 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 430 пациент стационарда, 20 973 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 370 жағдай тіркелді.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 185 369 жетті.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында -22111(+139)
Алматы қаласында - 21897(+90)
Шығыс Қазақстан облысында - 20080 (+67)
Атырау облысында - 15967(+31)
Қарағанды облысында - 13705(+81)
Павлодар облысында - 13112(+267)
Батыс Қазақстан облысында – 10873(+91)
Солтүстік Қазақстан облысында - 10773(+115)
Ақмола облысында - 10566(+205)
Қостанай облысында - 10119(+110)
Алматы облысында - 9155(+83)
Шымкент қаласында -5852(+17)
Жамбыл облысында - 5543(+27)
Түркістан облысында - 4065(+19)
Маңғыстау облысында - 4025(+11)
Ақтөбе облысында -3932(+6)
Қызылорда облысында -3594(+11)
Елімізде барлығы 167 047 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап, пневмониямен сырқаттанған науқастар саны- 47 787 және 566 өлім жағдайы тіркелген.