Елімізде 27 мыңнан аса адам індетке қарсы ем алуда

08.02.2021 Жаңалық
5
Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 003 жағдай тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 27 мыңнан аса адам қауіпті індетке қарсы ем алып жүр. 8 ақпандағы мәлімет бойынша,  27 028 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 804 пациент стационарда, 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында: 268 адамның жағдайы ауыр; 49 пациенттің жағдайы өте ауыр; 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 196 115 жетті. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -23139(+75) Алматы қаласында - 22898(+114) Шығыс Қазақстан облысында - 20705(+63) Атырау облысында - 16467(+43) Павлодар облысында - 15204(+222) Қарағанды облысында - 14357(+46) Ақмола облысында - 12070(+118) Батыс Қазақстан облысында – 11650(+83) Солтүстік Қазақстан облысында - 11439(+69) Қостанай облысында - 10892(+81) Алматы облысында - 9732(+47) Шымкент қаласында -5930(+5) Жамбыл облысында - 5669(+11) Түркістан облысында - 4169(+7) Маңғыстау облысында - 4127(+7) Ақтөбе облысында -4020(+5) Қызылорда облысында -3647(+7)