COVID-19 инфекциясын жұқтырмағандарға вакцина салдырмауға бола ма?
11.02.2021
Жаңалық
5
Иммунолог коронавируспен ауырмаған және оған қарсы иммунитеті жоқ адамдарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.
Коронавирус жұқтырмаған және вакцина салдырудан бас тартатын адамдарға ұжымдық иммунитет көмектесе ме? Бұл сұраққа аллерголог-иммунолог Владимир Болибок жауап берді.
Дәрігердің айтуынша, ұжымдық иммунитеттің жеке адамға еш әсері жоқ. Иммунитеті жоқ адам науқаспен байланыста болғаннан кейін ауырып қалуы мүмкін, деп жазды Спутник Қазақстан.
Иммунолог коронавируспен ауырмаған және оған қарсы иммунитеті қалыптаспаған адам қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс екенін атап өтті.
«Егер адам вирус жұқтырмаса, онда ол барлығын дұрыс істегені. Тек қауіпсіздік шараларын одан әрі сақтауы керек. Қазір індет бәсеңдеген жоқ, инфекцияның таралу жолдары әлі де көп», - деп ескертті дәрігер.Оның пікірінше, COVID-пен ауырып шықпаған және екпе ектірмеген адамдар үшін қандай да бір айрықша шектеулердің пайда болуы екіталай.