Бидай астында қалған элеватор жұмысшысы мерт болды

13.02.2021 Жаңалық
6
Солтүстік Қазақстан облысында элеватор жұмысшысы қамбада қайтыс болды. Қайғылы жағдай Ғабит Мүсірепов атындағы ауданын орталығы Новоишим ауылында тіркелді. Оқиға астық сақтайтын қойманы тазалау кезінде болған. Бір жұмысшы 140 тонна бидайы бар қамбаның ортасына құлап, батып кеткен. Жұмысшыны бірден құтқару мүмкін болмаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары марқұмның денесін 6 сағаттан кейін тапты.   Қазір полиция оқиғаға байланысты іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.